«Қазіргі кезде халыққа азық-түлік, гигиеналық заттар мен бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу керек. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, этномәдени бірлестік басшыларын, Достық үйлері жанындағы ҚХА волонтерлер орталықтарын су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберу үшін қаражат, азық-түлік тағамдарын, тіршілік етуге бірінші кезекте қажет болатын тауарларды жинауды ұйымдастыруға шақырамыз»,-делінген хабарламада.
Көмекті жинау үшін Шымкент қаласындағы Достық үйінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жедел іс штабы ұйымдастырылады. Оны Түркістан облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Рысбеков Ғани Құрмашұлы басқаратын болады.
Ал, осыған дейін Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлеркеңесі үндеу жариялады. Бұл үндеу облыс халқына, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған.Аталған үндеуге қолдау білдірген облыс халқы, кәсіпкерлері мен еріктілері қазірдің өзінде облыстық қорға 1 млн теңге көмек қаржы аударып үлгерген. Бұл көлем алдағы уақытта еселеп өсіп, жиналған қаржы-қаражаттар тұрғын үй, жол салу жұмыстарына бағытталатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.