Шымкенттен келген төтенше жағдайлар қызметкерлері су басқан елдімекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті. Олар көмекке жіберілген АСО 20, АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника, МП-100 маркалы 6 мотопомпа техникаларымен тұрғындарға қолғабыс етуде.
Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны болған ауданға Шымкент қаласынан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 адам келген болатын. Оларға департамент тарапынан 8 техника мен 1 квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары мен моторлы және 3 үрмелі қайық берілген. Екінші эшелон есебімен жолданған қызметкерлер бес күн ішінде су басқан елдімекендерде 70-ке тарта адамды құтқарған. Олардың мүліктерін қауіпсіз жерге көшіріп, эвакуациялау жұмыстарына атсалысуда. Сондай-ақ, ірі және ұсақ малдарды басқа жайылымдарға тасыған. Ал, жергілікті атқарушы органдар тарапынан инженерлік жұмыстарын жүргізу үшін 30 арнайы техника бөлінген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.