Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см., Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды.
Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді.
Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.
Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.