Бейсенбі, 07 Мамыр 2020 14:14

Мақтаарал: Еріктілердің еңбегі ерен

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезіндегі Түркістан еріктілерінің  еңбегі ерен.  Атап айтұанда, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының жанынан  құралған «Еріктілер штабы» бүгінгі таңда өз жұмысына білек сыбана кіріскен.

Бүгінде еріктілер штабындағы түрлі аудан, қала белсенділерінен құралған 50-ге тарта ерікті жас төтенше жағдайға байланысты  қиындыққа тап болған отбасыларды анықтау үстінде.  Сондай-ақ, 40-тан  астам отбасыға және  мектептерді паналаған 2000-нан астам аудан тұрғындарына   бір аптаға жетерлік  азық-түлікпен себеттерін үлестірді.

Атап айту керек, еріктілер штабына бүгінге дейін 20-дан астам қайырымдылық қорлары, сонымен қатар белгілі кәсіпкерлер және Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданы, Арыс ауданы, Алматы қаласы т.б. аймақтар қолдау білдіріп жатыр. Онымен қоса елімізге белгілі жұлдыздары да қол қусырып отырған жоқ. Атап айтқанда, Өнер қырандары, Заттыбек Көпбасынұлы,Асан Пердешов,Dieta KZ , Серік Ибрагимов және белгілі жайдарманшы Марат Сәрсенбаевта  игі істің қолдаушларының қатарында.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 359 рет