Мақтаарал ауданында орын алған су тасқыны кезінде де әлеуеті әлжуаз отбасыларды назардан тыс қалдырмаған жомарт жандар таратқан азық-түлік себеттерінің құрамында күріш, май, шай, макарон, ас бұршақ пен түрлі тәттілер, химиялық тұтыну заттары бар. Қайырымдылық шарасын өткізу үшін арнайы акция өткізіп, «#Kusto Help» қорын құрған. Жалпы соммасы 1 млн 700 мың теңгені құрайтын қайырымдылық шарасы аясында әр отбасыға 11 300 теңгенің көмегі берілген.
Қайырымдылық шарасына Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен «Tectum Engineering» ЖШС шифер зауытының заңгері Қуандық Зейноллаев қатысты. Зауыт басшылары қайырымдылық шараларының алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтады.
«Біз мұндай жұмыстарды осымен тоқтатпаймыз. Алдағы келе жатқан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларды өз сыйлықтарымызбен қуантып, құттықтайтын боламыз» дейді Қуандық Бақытжанұлы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.