Жұма, 08 Мамыр 2020 16:46

Төлеби: Ленгір қаласында тазалау жұмыстары жүргізілуде

Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Ленгір» өзенінде судың көтерілуінен су басу орын алған болатын. Орын алған су басудың зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орын алған су басудың зардаптарын жою жұмыстарына 7 мамыр күні Төлеби ауданы әкімі Б.Омарбековтың бастамасымен 300 астам азаматтан құралған 4 жұмысшы топ таңғы сағат 8-ден бастап кірісті. Қазіргі таңда жұмысшы топ құрамы «Ленгір» өзені бойындағы көшелер мен тұрғын үй аулаларын лай көшкіндері мен қоқыстардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарына 33 арнайы техника тартылды.

Қазіргі таңда ажыратылған 121 абонент қалпына келтіріліп, табиғи газға қайта қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Көршілес Сайрам, Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмектерін ұсынуда. Атап өту керек, ең маңыздысы адам және мал шығыны жоқ.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 424 рет