Жұма, 08 Мамыр 2020 16:55

Төлебиден Мақтааралға көмек керуені жолға аттанды

Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жолға шықты. Бұл туралыТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Керуенге жалпы құны 2 млн 633 мың теңгені құрайтын азық-түлік, су, 3750 кг ұн, 1500 кг макарон өнімдері, 1000 кг күріш, 1000 кг қант, 800 литр пісте маймен бірге, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген. Аталған заттар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.
Қиын-қыстау кезде Мақтаарал жұртының жанынан табылып, барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл қиындықты ұйымшылдық пен бірліктің арқасында жеңетінімізге сенеміз. Алдағы уақытта да көмектер жіберіліп, ізгілікті бастамалар жалғасын табатын болады.

Айта кету керек, араға аз уақыт салып, аудан әкімдігінің бастамасымен аудан кәсіпкерлері Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмектің екінші легін жеткізді. 7,5 тонналық көмектің ішінде 100 қап ұн, 100 қап күріш, 500 литр пісте майы, 500 кг макарон, 500 кгқұмшекермен бірге, су да бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 461 рет