Сайрам ауданында суармалы жердің жағдайын жасап, каналдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Мұсабек каналының 6 шақырымын шөп пен лайдан тазарту арқылы Құтарыс ауылдық округінің Ақарыс елдімекеніне қараты 96 гектар егіс алқабын суғару жүйесі жақсарды.
Дәл осындай жұмыстар Қызылжар, Теспе, Сарыарық, Айтуар, Бескепе-Ынтымақ, Янги-2, Сарыбұлақ каналдарында да жүргізілді.
Аудан басшысы Уласбек Садибеков жауапты сала басшыларымен бірге Құтарыс ауылдық округіндегі Қызылжар каналының тазалау жұмыстарын бақылады. Аталмыш каналдың 3 шақырымы лай-батпақтан, арам шөптен тазартылды. Ал 36 гектар жерді суғару жағдайы артты.
Жалпы, "Ақсу" МКК меншігіндегі техника көмегімен 23,5 шақырым ағын су жүйесін тазарту жұмыстары жүзеге асып, сол арқылы бүгінгі таңда 500 гектар егістік алқабын суғару ісі дұрыс жолға қойылды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.