Сенбі, 09 Мамыр 2020 13:04

Сайрамда Ұлы жеңісті жақындатқандар марапатталды

Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Мукаррам Шайхуддиновті марапаттау үшін аудан әкімі Уласбек Садибеков ақсақалдың шаңырағына барды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының құттықтау хатын тапсырған аудан басшысы ардагерге шапан жауып, сый-құрмет жасады.

Ақсақалға мерейтойдың тарихи медалін тағып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тағайындалған 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы сертификатын тапсырды.

Айта кетейік, Сайрам ауданынан Ұлы Отан соғысына 21195 азамат аттанып, оның 8115-і қан майданда қаза тапқан. Ал бүгінгі таңда ауданда Ұлы Отан соғысы ардагерінің қатары сиреп, төртеуі ғана қалды.

Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында майдангерлеріміздің ерлігі ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен 30 млн теңге қаржы қарастырылды.

Ұлы Отан соғысының төрт ардагеріне - 1 000 000 мың теңгеден, 1 ҰОСҚ теңестірілген азаматқа - 100 000 теңге, 15 ҰОС мүгедектерінің жесіріне және 838 тыл еңбеккеріне 30 000 теңгеден бір реттік материалдық көмек тағайындалып, жеке есеп шоттарына аударылды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 501 рет