«Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясына отырарлық полицейлер өз үлестерін қосып, аудандағы көп балалы және аз қамтылған 40 отбасыға біржолғы азық-түлікпен қамтып отыр.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқығын қорғаушы полиция қызметкерлерінің қасиетті айдағы қайырлы істері мұнымен шектелмейді. Бөлім бастығы Бақыт Тілекұлы алдағы уақытта да аз қамтылған отбасыларға құқықтық қолдау көрсету, азық-түлікпен қамту секілді жұмыстарды атқаратындығын айтып өтті.
7 мамыр – ҚР Отанқорғаушылар күнімен тұспа-тұс келген қайырымдылық шарасында «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман партия бастамасымен қолға алынған жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдірген мекеме ұжымына алғысын білдірсе, аудан тұрғындар тілегін батамен жаудырды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.