Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою және үкімет тарапынан берілетін бір ретік өтемақыларға құжаттарды қабылдауға жәрдемдесу мақсатында, Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлының жетекшілігімен құрылған арнайы жұмысшы тобы Мырзакент елді-мекенінде өз жұмысын бастады. Жұмысшы топтың құрамында қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай, экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Асанов, жер қатынастар бөлімінің басшысы Е.Қуандық, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатырлар Арыс қаласында 2019 жылдың 24 маусымында орын алған төтенше жағдай салдарын жою мен қаланы қайта қалпына келтіру барысында жинаған тәжірибесімен бөлісіп, құжат рәсімдеудің оңтайлы жолдарды көрсетіп, белсенді жұмыс атқаруда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.