Жетісайдағы 119-шы мектепке жайғастырылған Өргебас ауылының тұрғындарына 1 көлік азық-түлік үлестірілді. Азық-түлік қабылдау базасына 4 көлік зат түсірілді.
Бұл апатта 7 ауыл имамының да үйлері су астында қалды. Алдымен қиналып жатқан жақыныңа көмек бермей, жатты жарылқағаннан пайда жоқ.
Сондықтан үйсіз-күйсіз қалған 7 имамның әрқайсысына шардаралықтар 150 мың теңгеден тарту етті. Сондай-ақ, бір көп балалы отбасыға 100 мың теңге берді.
Ал, мешіттерге орналастырылған отбасыларға 250 мың теңгеге азық-түлік, киім-кешек және т.б керекті заттар табысталды. Ауызашар дастарханы 100 мың теңгеге жайылды.
Күндіз-түні күзетте тұрған тәртіп сақшыларының ас-суына 150 мың теңге берілді. Атакент мешітіндегі жұртшылық та қайырымдылықтан шет қалмады.
Жалпы заттай көмекке 4 миллион 230 мың теңгедей жұмсалса, 2 миллион 409 мың теңге қаржылай қолдауға аударылды. Шардаралықтар ұзын-ырғасы 6 миллион теңгеден артық ақшаға көмек көрсетті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.