Сенбі, 09 Мамыр 2020 16:03

Мақтаарал: Келес ауданында арнайы штаб жұмысы қарқын алды

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда.

Жалпы аудан әкімі аппарты, дербес бөлімдер және ауылдық округтерінің мамандарынан жасақталған топ, тасқын судан зардап шеккен Фирдауси ауылы тұрғындарының тізімін жасап, жалпы мәліметтерін арнай ақпараттық жүйеге рәсімдеуде. Осы кезге дейін мәлім болғандай зардап шеккен мақтааралдық тұрғындарға өтемақы және үй жайын ретке келтіру бойынша жұмыстар алдында нақты құжаттарға сүйеніп жұмыс жүргізу тиімді болары анық. Бүгінгі таңда жұмысшы топ №44 Ә.Науаи мектебіндегі эвакуациялық пунктке жайғасқан 500 адам тұрғынның 80 пайызға жуығының мәліметтерін түгендеп үлгерді. Дәл осындай жұмыстар Келес ауданы жауапты етіп белгіленген тағы 3 эвакуациялық пункттерде жалғасуда.

№44 Ә.Науаи мектебіне орналасқан эвакуациялық пунктке Келес ауданының Алпымыс батыр ауылдық округіндегі №18 С.Қожанов мектебінің ұжымы мақтаарлдағы топан судан зардап шеккен Фирдауси ауылының тұрғындарына күнделікті қажет болатын жеңіл киімдермен гигиеналық заттар алып келді. Заттарды тұрғындарға таратып болысымен артынша Абай ауылының кәсіпкерлері жиналып, азық-түлікпен қоса, алғашқы қажетті заттарын көтеріп кірді. Қиын сәтте демеу болған көрші ауданның азаматтарына мақтааралдықтардың алғысы ерекше. Келіп жатқан гуманитарлық көмектерді реттеп, тәртіппен таратып отқан Келес ауданы әкімдігінің қызметкерлері қоймадағы заттардың кем дегенде тағы бір жетіге жететінін мәлімдеуде.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 446 рет