Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020 20:50

Шымкент: 75 көшеге QR-коды бар тақтайшалар ілінді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында 75 көшеге QR-коды бар тақтайшалар ілу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жаңа үлгідегі тақтайшалар Ақжайық, Наурыз, Сәуле, Отырар, Бадам, Забадам, Химфарм, Самал-2, Түркістан шағынаудандары мен аудан орталығында орналасқан көшелерге ілінді.

Бұл жұмыстар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Былтыр QR-код индексі бар тақтайшалар аудан аумағындағы 672 көп қабатты үйге орнатылған болатын.

Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан атауы жоқ көшелерге уақытша нөмір беру жұмыстары атқарылды.

QR-код мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде пайдаланады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласын дамыту масатында 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Онда 2022 жылға дейін қаланың құрамдас бөліктері мен атауы жоқ және қайталанатын көшелерге толығымен жаңа атау беру жоспарланып отыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 451 рет