Сенбі, 10 Қазан 2020 13:11

Шымкент: Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Шымкентте Бадам өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды. Бұл туралыШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов Көкбұлақ т.а Бадам өзені жағалауына тасталған құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тазалау және ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мамандарға тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тазалау жұмыстарына 2 ауыр жүк көтергіш техника мен 5 ауыр жүк көлігі жұмылдырылды. Тазаланған күл-қоқыстар арнайы қоқыс полигонына төгілді. Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар Қызылжар, Игілік, Жаңаталап және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарында жүргізілмек.

Бадам өзенінің жағалауындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі Б.Пармановтың тікелей бақылауында болады. Осы орайда, жауапты мамандар тұрғындарға белгіленбеген орындарда қоқыстарды тастау ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 592 рет