Сенбі, 10 Қазан 2020 11:43

Шымкент: Кәсіподақ-еңбек адамының сенімді тірегі

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Кішкентай данышпан» бөбекжай балабақшасында Қазақстан Республикасы Кәсіподағының 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Бұл туралы  «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы баспасөз қызметі хабарлайды.

Қоғамдық жүйенің бөлігі ретінде үдемелі түрде өзгеріп жатқан құбылыстарға үн қосып, қарапайым еңбекші халықтың игілігіне қызмет ету кәсіподақ ұйымының мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Жиынға қатысқан «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев кәсіподақ ұйымдарының маңыздылығын атап, жиналғандарды Қазақстан Республикасы Кәсіподағының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерацисының «Грамотасымен» мекеме қызметкері Ұлжалғас Әмірхан және бала тәрбиешісі Халбибі Балқыбекова мен аспазшы Нұргүл Ерманова «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 89 рет