Жексенбі, 11 Қазан 2020 18:48

Шымкент: Электронды карталар 10-қазаннан бастап саудаға шығарылады

Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды карталар қазан айының 10-нан бастап сатылымға шығарылады. Карталарды қаладағы дүкендер мен өзге де сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл туралы бүгін жолаушылар тасымалына қатысты өткен брифингте мәлім болды.

15 – қазаннан бастап электронды төлем жасамайтын жолаушылар үшін 70 теңгелік жолақы 100 теңге болады. Билік өкілдері бұл саладағы көлеңкелі бизнесті жою үшін қолға алынып отырған шара деп отыр.

Қоғамдық көліктерді электронды биленттендіру жүйесіне енгізгеннен кейін айналасы бірер ай ішінде жолаушылар тасымалынан түсетін кірісті анықтауға болады дейді қала басшысының орынбасары.

 «Алматыда екі ай ішінде жолаушылар тасымалынан келетін пайданы анықтауға мүмкіндік туды. Біз сондықтан да дифференцалды тарифті осылай енгізбесек, оны анықтау мүмкін емес. Бұл әрбір жолаушының осы жүйеге қатысуы арқылы анықталатын жағдай»,-деп атап өтті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 77 рет