Дүйсенбі, 05 Қазан 2020 20:56

Түркістан қаласында 100 шақырымнан астам жол жөнделді

Түркістан қаласында 875 көшенің 100 шақырымнан астам жолы жөнделді. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов кезекті брифинг кезінде айтты.

Шаһар басшысының сөзінше, қалада жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын көше бар. Жыл басынан бері қала ішіндегі жолдардың 9,2 шақырымына құрылыс жұмыстары , ал 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, аталған жұмыстардың барысында 109,1 шақырым аяқ жолдар мен 15,7 шақырым суағар науа, 15,7 шақырым жарықтандыру жүйесі мен 2,7 шақырым веложолдар салынады.

«2020 жылда атқарылатын жұмыстардың нәтижесімен асфальт жолдар 13,7 % пайызға өссе, тас жолдар 13,65 % пайызға азайып отыр. Сонымен қатар, биыл орталық 3 көшеге 17 дана соңғы үлгідегі заманауи аялдамалар орнатылды. Бұдан өзге, облыс орталығында 875 көшенің 162-і, яғни, 282 шақырымы жарықтандыру жүйесімен қамтылған. 2020 жылы 160 шақырымды құрайтын 123 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, олардың 101 шақырымды құрайтын 78 көшесінде жұмыстар аяқталған», - деді Рашид Абатұлы. Облыс орталығында сонымен қатар жыл соңына дейін қала көшелерін жарықтандырумен қамту деңгейі 18,9 пайызға артып, 33,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 254 рет