Сейсенбі, 06 Сәуір 2021 17:44

Шымкент: Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда

Шымкент қаласындағы  кептеліс мәселесін азайту мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шымкент жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, екі жолайрықтың атап айтқанда, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық пен Бәйдібек би даңғылы- Арғынбеков-Назарбеков көшелері- Н.Назарбаев даңғылының қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрап отыр.

Атап өту керек, осы жылы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталған кезде көлік қарқындығы 15000 көлік/тәулігінен 45000 көлік/тәулігіне ұлғайады.

Ал, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жолайрық пен Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы екі жолайрықтың бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Айта кетейік, өткен жылы қаладағы 259 нысан 416 шақырым жол құрылысын жүргізілді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 359 рет