Жұма, 22 Маусым 2018 15:43

Шымкенттік көліктердің жаңа мемлекеттік нөмірі – 17!

Шымкент енді баяғы Шымкент емес. Бұл қала енді респбуликалық маңызға ие қала. Сонымен қатар, көліктердің мемлекеттік нөмірлеріне де өзгеріс енетін болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы енді жоқ. Ел картасында орталығы Түркістан қаласы мен бірге жаңадан құрылған Түркістан облысы пайда болды. Тиісінше, жаңа облыстың көліктері 13 санды иемденіп қала беретін болды. Шымкенттік көліктердің жаңа нөмірі – 17. Бұл туралы Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жазғанын айта кетейік.

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкенттің Астана мен Алматы қалаларымен бірге миллионнан астам адам тұратын қазақстандық қалалардың қатарына қосылғанын атап өткенін айта кетейік.

«Қазақстан Республикасының« Әкімшілік және аумақтық құрылымы туралы» Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес мен қол қойған қаулы бүгін Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік біздің еліміздің он жетінші аймағы болады. Облыс орталығы Түркістан қаласы болып табылады, ол ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен бүкіл түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегіне айналды», - деген болатын Елбасы.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Оқылды 1340 рет