Жексенбі, 24 Маусым 2018 08:17

Шымкентте 12 бөліктен тұратын қалашық бой көтереді

Шымкентке республикалық маңызы бар қала статусы берілген соң Түркістан облысынан дербес, өзінің бюджеті болатыны белгілі. Республикалық маңызы бар қаланың бұдан ары даму көрсеткіші де қарқын алуы тиіс.

Шымкент қаласының бюджеті алдағы жылы 183 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр екен. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар шаһар болғандықтан, мұнда көптеген жоба жүзеге асырылмақ. «Шымкент сити» тұрғын үй алабы, ескі қала аумағында «Қошқар ата» жобасы қолға алынды. Жаңа жолдар, мектеп, балабақша мен ауруханалар салынады. Мұның барлығы жаңа шаһардың болашақ бюджетінің есебінен салынады.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болғандықтан, оған қаржы салатын инвесторлар да көбейетіні айтпаса да түсінікті. Бүгіннің өзінде тек бір ғана шетелдік компанияның өзі бастапқы кезеңде 160 млрд теңге қаржы салуды көздеп отыр екен. Алдымен 12 бөліктен тұратын қалашық салынады. Ол 5500 пәтерден тұратын ақылды қала болады. «Жалпы қаланың құрылыс алаңы екі есеге ұлғаятын болады», – дейді мамандар. Бұл баспаналардың барлығы 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Осылайша Шымкенттің заманауи қалалар қатарына кіретініне сенім мол.

 «AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Оқылды 1393 рет