Бейсенбі, 12 Шілде 2018 12:40

Шымкенттің кей бөліктерінде газ беру уақытша тоқтатылады

Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарға құлаққағыс жасады. Нақтырағы, газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында қаланың бірқатар аймақтарында газ берілу уақытша тоқтатылатынын хабарлады. 

16-18 шілде күндері - Коммунизм бөлімшесі, Ермат ата көшесіндегі ГТП-117 жүйесіне қосылған абоненттер, яғни Гүлденген, Ақниет, Ермат ата, Ақсамал, Жусанды, Қос диірмен, Махмұдов, Тоқбәйге, Рамазан ата, Ахунбабаев, Достасқан, Қаратал, Теректі, Жастар, Набиев, Пайзахметов, Ходжимат ата, Гагарин, Боққараев, Ақсуат, Әлмахан қажы, Қос диірмен – 1,2 көшелері;

16-18 шілде күндері - Жандосов көшесіндегі ГТП-119 жүйесіне қосылған абоненттер: Қазыбек би, Дулати, Шәймерденов, Құрманғазы, Орманов, Лихачев, Химиков, Федченко, Атамекен, Жандосов, Меркурий, Верещагин, Макаров, Саратов, Ватутина, Шолохов-1,2, Уәлиханов, Перов, М.Мәметова, Өтеген батыр, Вохрушев, Өтегенов, Бекбосынов, Рысқұлбеков, Рысқұлов, Байтұрсынов, Гаршина, Тоғызбаев, Қаныбеков көшелері және Дулати, Уәлиханов өткелдері, Қонаев даңғылы;

18-20 шілде күндері - К.Маркс бөлімшесі, Құрылыс көшесіндегі ГТП-22 жүйесіне қосылған абоненттер: Гулисман, Мерке, Топырақты, Аққу, Үлгілі, 3-Бадам, 1-Бадам, Құрылыс, К.Маркс, А.Молдағұлова, Речная, Теспе көшелері және Кірпіш қуысы;

18-20 шілде күндері - Диваев көшесі мен Ватутина қиылысындағы ГТП-120 жүйесіне қосылған абоненттерде, Төреқұлов, Әлімбетов, Сапарбаев, Мәделі қожа, Жас Гвардия, М.Мәметова, Перов, Уәлиханов, Шолохов, Ватутина, Саратов, Үркер, Макаров, Известия, Верещагина, Халықтар Достығы, Жандосов, Аманжолов, Адырбеков, Метрологическая, Орынбаев, Ташенов, Диваев, Майдантал, Қазыбек би, Лоза, Треков, Толстой көшелері және Соңғы, Шевченко, Әлімбетов, Сапарбаев, Саратов өткелдері.

Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрап отыр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1286 рет