Жексенбі, 28 Қараша 2021 12:50

Шымкент: Дәстүрлі «Таза қала» акциясы өтті

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шарасы аясында жалпықалалық сенбілік - «Таза қала» акциясы өтті.

Дәстүрлі іс-шарада барлық аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкерлер, қала аумағында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Еңбекші ауданында сенбілікке 7 мыңнан астам адам, 15 техника жұмылдырылып, 2500 ағаш көшеті (терек, ясень, қарағаш) отырғызылды. Атап айтқанда, «Мұнай өңдеу зауыты» аумағы, Сайрам көшесінің бойына ағаш көшеттерін отырғызу, «Фосфор» мәдениет сарайының аумағына санитарлық тазалау, қоқыстарды шығару, жапырақ үйінділерін алу жұмыстары жүргізілді.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 349 рет