Осыған байланысты көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін таңдау болып табылады.
Бүгінде Шымкент қаласында басқару нысанын тіркеуге жататын 1823 тұрғын үй бар. Ал жалпы тіркелгендер саны – 1745.
Оның ішінде:
- мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) – 140;
- жай серіктестік (ЖС) – 1605.
Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 96 пайызды құрайды.
Жыл соңына дейін мүліктің меншік иелері бірлестіктерімен жай серіктестіктерді құруды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»