Дүйсенбі, 27 Желтоқсан 2021 15:14

Биыл 21 мыңнан аса Шымкент тұрғыны электр желісімен қамтылды

Мегаполистің электр желісімен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетпек.

Шымкент әкімі М.Әйтеновтің шалғай аудандардың инфрақұрылым мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл қалада 2 қосалқы стансаның (Бозарық 220/110/10 кВ, «1-М-1» 110/10кВ) және 7 (Достык т.а., Жалын, Ақжар, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылып, 97 пайызды құрады.

Ал, келер жылы 11 нысанның, оның ішінде 9 елдімекенде (Достық ш.а., Батыс, Нұртас, Сауле, Тұран) ішкі жүйелерінің және 2 қосалқы стансаның («Ақжар» 110/35/10кВ, «Ынтымақ» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 1 қосалқы станцияның, 9 елдімекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Мегаполистің электр желісімен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетпек.

2023-2025 жылдары қаланың перспективалық дамуына қажетті 6 жоғары кернеулі (110-220кВ) қосалқы станцияның құрылысы салынады деп жоспарлануда. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1239 рет