Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 13:34

Павлодар әкімі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 100 мың теңгеден сыйлады

Балаларға Павлодар қаласы әкімінің атынан жаңажылдық сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Павлодар қаласы білім бөлімінің мәліметінше, дәстүр бойынша, Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата мен Ақшақар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды құттықтады.

- Балалар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Павлодар қаласы әкімінің жаңажылдық шыршасы онлайн форматта өтті, 181 балаға құттықтау хат, тәттілер және 100 000 теңгеден берілді, - делінген хабарламада.

Павлодар қаласының әкімі құттықтау хатында балаларға оқуда жоғары жетістіктерге жетуін және зор денсаулық тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Павлодар облысының орман және жануарларды қорғау мекемесі Павлодар ауылында тұратын Варлам есімді балаға армандаған смартфонын сыйлаған болатын.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1245 рет