Жұма, 31 Желтоқсан 2021 13:47

Шымкент: Қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

Шымкент қаласында Арғынбеков-Бәйдібек би көшелері қиылысындағы жолайрық құрылысына сәйкес, №92, 104, 141, 146 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді.

Қазиев көшесінен Арғынбеков көшесіне бұрылатын №92 маршрут енді Тынышбай ата көшесі арқылы Байтұрсынов көшесімен жүреді.

Ал Бәйдібек би көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне бұрылатын №104 автобус қазір Рысқұлов көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне бұрылады.

Ал Қазиев көшесімен Арғынбеков көшесіне бұрылып тіке жүретін 141 және 146 бағыттың жол сызбасы алдағы уақытта Рысқұлов көшесімен Бәйтереков көшесі арқылы Арғынбеков көшесіне түседі.

«Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз»,- дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1223 рет