Жұма, 01 Сәуір 2022 08:54

«7-20-25» жеңілдетілген несиелік бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталады

Ағымдағы жылдың 11 сәуірден 15 сәуір аралығында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге "Shymkent-baspana.kz" сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданады.

«70-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

- Қазақстан Республикасының азаматының болуы;

- Ипотекалық несиелердің болмауы;

- Табыстың болуы;

- Баспананың болмауы.

Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш бере отырып, төмендегі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;

3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;

5) жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 401 рет