Сенбі, 23 Сәуір 2022 21:22

Қаланың негізгі көшелерінде жол таңба сызықтары жаңартылды

Шымкент қаласының көшелерінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның арасында көшелердегі жол сызықтары, жаяу жүргіншілер сызықтары сияқты көлік жүргізушілер үшін маңызды болып табылатын жол таңбаларын қайта сызу жұмыстары бар.

Аталған жұмыстар аясында Байтереков және Байдібек би көшелеріндегі жол сызықтары жаңартылды. Нақтырақ айтсақ, Байтереков көшесі бойынша тоқтау сызықтарымен, бұрылу бағыттарын көрсететін жол таңбалары сызылды.

Ал Байдібек би көшесінде «Зоопарк» аялдамасының тұсындағы дыбыс ұлғайтқыш сызықтары қайта жаңартылды.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 714 рет