Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сапарбеков Әбдішүкір, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Сөз алған Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов: «Сіздерді алда келе жатқан қарттар күні, мейірім мен ізгіліктің белгісі болған мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз» - деді.
Отырар ауданында бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүрген ардагерлер аз емес. Соның бірі, 17 жыл ардагерлер кеңесінің хатшысы болып қызмет етіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Сатыбалды Жаңабайұлын айтып өтуге болады. Аталмыш жиынның маңызды тұсы деп Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы етіп бір ауыздан Отырар ауданының әлеуметтік-экономика сласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер Қосмаханбет Төлептің сайлануы десек, қателеспеспіз. Жаңа хатшыға облыстық адагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ә.Сапарбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өксікбаевтар жұмысына сәттілік тіледі.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»