Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-заңгердіңорны бос. Орташа лауазымдық айлықақы- 208 062 теңге.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Білімге қойылатын талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Мамандығы(классификаторға сәйкес)
Құқық,
Құқықтану
Функционалды міндеттер
Қала деңгейінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Бөлімнің құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады, құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етеді; басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен басқа да құжаттардың заңнамаларға сәйкестігін тексеруді, құжаттар жобаларының жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерін сақтауды тексеруді жүзеге асырады; Басшының бұйрықтарының орындалуын, сондай-ақ бақылауға алынған нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін сақтауды қамтамасыз етеді; Бөлімдегі мемлекеттік сатып алудың, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жоспарлау, орналастыру, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; Құжаттарының заңдылығын қадағалайды; Бөлімнің атынан өкілдік етеді; Сотта және басқа да органдарда бөлімнің құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Бөлімге қатысты істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуды және соттың заңды күшіне енген шешімнің орындалуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімді көрсетуге (соның ішінде көрсетілген кезеңдердің мерзімдерін сақтауға) міндетті; Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерін оррындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді; Бөлім басшысына қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды орындайды, орындалуы бойынша есеп береді; Өз саласы бойынша қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда, тиісті шараларды қабылдау үшін бұл туралы бөлім басшысына, сектор меңгерушісіне және тиісті құзырлы органдарды шұғыл түрде жазбаша хабардар етеді; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, өз құзыретіне жататын басқа да міндеттерді орындайды; Қызметтік міндеттерді атқару кезінде, еңбекке уақытша жарамсыз болғаны туралы шұғыл түрде сектор меңгерушісіне хабарлайды және жұмысқа шыққаннан кейін бір күн ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырады; Дербес деректері (мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, білімі, отбасылық жағдайы туралы және т.б.) өзгерген жағдайда, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне хабарлайды; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 10-бабында көрсетілген міндеттерді орындайды; Жұмыс барысында «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «1С», «К2», «Е-собес», ЭҚАБЖ (SkyDocs) жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады; ҚР Заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.