Сейсенбі, 28 Тамыз 2018 08:53

Арыс қаласында Қоғамдық кеңестің жиыны болып өтті

Кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды. 

Кеңес отырысында «Қаладағы кәріз жүйелерінің жағдайлары туралы» «Ақаба Сервис» ЖШС дирекоры Е.Сарбасов, «Қаладағы қызыл сызық, көп қабатты тұрғын үйлердегі жапсарлас құрылыстар жөнінде бөлімнің атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша» сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатыр, «Жылжымайтын мүлікті тіркеу мекемесінің І-жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік коорпорациясы КЕ-АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Арыс бөлімінің маманы С.Жанғабылов, «Арыс аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің І-жартыжылдықта атқарған есебі туралы» Т.Кенжебековтардың баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 

Сонымен қатар, алқалы жиын барысында өткен жиындарда көтерілген ұсыныстардың орындалуы бойынша Қоғамдық кеңестің хатшысы Ә.Тілеу баяндама жасады. Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

  «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 926 рет