Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік ұйымдастырды

Бүгін Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты

Мақтааралда өткен сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты

Мақтааралда аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен басталған сенбілік жалғасын тапты. Аудандағы әрбір үйге хабарлама беру мен үгіт-насихаттың арқасында барынша ауқымы кеңейген сенбілікке 5 мыңнан аса адам қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу