Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 18:13

Түркістан облысы: Шардаралықтар 20 тонна қоқыс шығарды

Шардарада қала және ауылдық округтердегі тазалық мәселесi күн тәртiбiнен түспек емес. Қаладағы мыңға жуық азамат қатысқан жаппай сенбілікте 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды

Шардара қаласының санитарлық тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған жаппай сенбілікке 28 мекеменің қызметкерлерi мен қала тұрғындарынан мыңға жуық адам қатысып, белсенділік танытты. Олар топ-топқа бөлініп, қала әкімдігі тарапынан өздерiне бекітілген аумақтарды ретсіз тасталған қоқыстардан тазартып, арық-атыздарын тазалады. Қоқыс тасуға арнайы 4 техника жұмылдырылған сенбілікте 24 көше мен 3 шақырым суағарлардан 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды. Мұндай сенбiлiк жұмыстарының ауқымы кеңейіп, алдағы уақыттарда мекеме қызметкерлерi мен қала тұрғындары, базар және сауда орындарының қызметкерлері де жұмылдырылмақ. “Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі саналатын санитарлық тазалық мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Бұл жұмыстар тек қалада ғана емес, барлық ауылдық округтерде жүргізіліп жатыр. Біз тазалықты сақтау, сенбіліктерді өткізу мәселелерінің ауқымын кеңейтетін боламыз”,- дейді аудан басшылығы.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 894 рет