Шымкент: Е.Айтаханов бабалар ерлігін ұмытпауға үндеді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Мархабат Байғұт пен тыл ардагері Шерім Медеуовты және «Ерлік» музейінің меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенованы қабылдады. Кездесу барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, «Ерлік» музейінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. 

Шымкент: Медицинадағы жаңа жүйе тиімділігін көрсетіп жатыр

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осы мақсатқа Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына 25 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінге дейін аталмыш жоба негізінде 600000қала тұрғыны қамтылған. Бұл халық санының 77,6 пайызын құрайды. 

Шымкент: Корейлердің қиын-қыстау кезеңде барша этностарға пана болған қазақ еліне алғысы шексіз

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында мерекелік жиын өтті. Корейлердің Қазақстанға келу тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдары, мәдениеті, салт-дәстүрі көпшілікке таныстырылды. 

Шымкентте апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Түркістан облысының аудандары қатыса бастады

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Бұл жолы өз тауарларын Сарыағаш және Ордабасы аудандарының өкілдері алып келді. 

Шымкентте Жолдауы аясында қала тұрғындарымен 125 кездесу өткізілді

Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Басқарма басшысы Жолдау аясында салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Шымкентте "Отбасы кеңесі" пилоттық жобасы іске асырылып жатыр

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Абай аудандық соты бірге «Отбасы кеңесі» атты пилоттық жобасын іске асыру үстінде. Мұндағы мақсат – отбасы мәселелерін оңтайлы шешу, ажырасу деңгейін төмендету, жанұя мүшелері мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау. 

Шымкент: Жолдау бойынша ақпараттық-насихаттық топ студенттермен кездесті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша қалалық ақпараттық-насихаттық топ Шымкент политехникалық колледжінің ұжымымен және студенттермен кездесті. Жиында сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат НұртайЖолдаудың маңыздылығына тоқталды. 

Осы RSS каналға жазылу