Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 14:04

Шымкент: Ерлан Айтаханов жұма сайын азаматтардың жеке мәселелеріне құлақ түреді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әр жұма сайын әкімдік ғимаратында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

Әдетте әкімнің қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі салаларға қатысты болады. Мәселен, бірі жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, коммуналды мәселелер мен қала тазалығы жөнінде сауалдарын қояды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауап берген қала басшысы Ерлан Айтаханов барлық тұрғын баспананы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегінде ала алатынын айтады. Сонымен қатар кез келген көмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүмкін болатынын атап өтеді. Қабылдау барысында көтерілген әр мәселе бойынша шаһар басшысы жеке салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырма береді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 781 рет