Шымкентте «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық» атты жәрмеңке ұйымдастырылды

Шымкент қаласында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында "Дәстүрлі қолөнерді қолдайық" тақырыбымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Көрме-жәрмеңкеде Түркістан облысы мен Шымкент шаһарынан 40-тан астам қолөнер шебері жүннен, қыштан, ағаштан, темірден жасалған қолөнер бұйымдары мен әртүрлі металлдан жасалған зергерлік бұйымдарын көптің назарына ұсынды. 

Шымкент: «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысуға 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелді

Шымкент қаласындағы мектептердің 6-10-шы сынып оқушылары арасында республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда. Қатысушылар 132 беттен, 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Жиынға қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. 

Шымкент: МӘМС жүйесі түсіндірілді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға медициналық сақтандыру жүйесін түсінірді. 

Шымкентте тұрғындар үшін жылу бағасы қымбаттамайды

Жаңа жылдан бастап Шымкентте жылу бағасы қымбаттауы мүмкін. Бірақ тек бюджеттік мекемелер үшін. Бұл туралы жылу беретін мекеме басшылығы айтты. Ал шаһарда жылу беру маусымы қала әкімінің өкімімен 25 қазаннан басталмақ. 

Шымкент: №62 мектепте Нәзір Төреқұловқа арналған кеш өтті

Биыл қазақтың тұңғыш дипломаты, тілші, ағартушы-ғалым Нәзір Төреқұловтың туғанына 127 жыл. Осыған орай, Шымкенттегі қоғам қайраткерінің есімін иеленген №62 жалпы орта мектепте кездесу кеші өтті. Айтулы жиында «Алаштың асыл перзенті» тақырыбында сахналанған көрініс ұсынылып, ұлтжанды азаматтың ұлтына сіңірген еңбегі дәріптелді. 

Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинар-тимбилдинг ұйымдастырды

«Мегаполистегі ақпараттың рөлі». Осындай атаумен Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында семинар-тимбилдинг өтті. Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйытқы болған шарада журналистерге қазақ блогосферасының үздігі Асхат Еркімбай мен ІТ-блогер Бектұр Тимур әлеуметтік желіні күнделікті өмірде дұрыс қолданудың бағыттарын көрсетіп, білгендерімен бөлісті. 

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Кітапхана – жастармен бірге» шарасын өткізді

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Темірқазық» клубының бастамасымен жастар жылына және студенттер күніне орай «non stop!» шарасын ұйымдастырды. Ондағы мақсат – жастардың білім-ғылымға қызығушылығын оятып, кітапханаға шақыру. Кеште әдеби-композициялық көрініс қойылып, түрлі танымдық ойындар ойнатылды. 

Осы RSS каналға жазылу