Super User

Super User

Түркістан облысы: Мақтааралда мал бордақылайтын 80-нен астам алаң бар

Мақтаарал ауданында жайылымдық жердің аз екендігі белгілі. Сондықтан да бұл өңірде малды бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатыр екен.  Бұл туралы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде

Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келе жатқандығы белгілі. Мұндағы шаруалар бұрын теңіздің ащы суында ғана өсетін бекірені тау бөктеріндегі бұлақ суына бейімдеген. Бүгінде мұнда бекіре, форель, ақ амур, карповый, сазан балықтары бар екенін айта кеткен жөн.

Түркістан облысында «Латын әліпбиі — мектепалды даярлық үрдісінде» атты дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне жүйелі түрде көшу керектігін айтып, тапсырма бергені белгілі. Бұл бірінші кезекте балабақшаларда бастау алатыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысындағы және Шымкент, Тараз қаласындағы филиалдары бірігіп, «Латын әліпбиі — мектепалды даярлық үрдісінде» атты республикалық деңгейде дөңгелек үстел өткізді.

Түркістан облысында оқушыларды электронды жүйе арқылы қабылдай бастады

Жаңа оқу жылындағы жаңалық! Биыл Түркістандағы көптеген білім ұялары 1-сыныпқа оқушыларды электронды жүйе арқылы қабылдады. Мектеп басшылары аталған жүйенің тиімділігіне оң баға беруде. Өйтетін себебі де бар. Оқушыны электронды жүйе арқылы қабылдау - жаңа оқу жылының басталар алдындағы әуре-сарсаңды азайтады. Сондай-ақ саладағы жемқорлықты да жояды екен.

Осы RSS каналға жазылу