Super User

Super User

Түркістан: Кәсіпкерлер үшін жаңа жобалар бар

Жаңа жылдың келуімен жаңа жобалар ашылуда. Жаңа бастамаларда барлығына тек сәттілік тілеймін. Жыл маусымдық дала жұмыстарына дайындықпен басталды. Мамандар аймақтарда жер учаскелерін жалға беру байқауы басталғанын хабарлайды.

Шарттары туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының маркетинг қызметінің кенесшісі Жұлдызай Сеифуллақызы айтып берді.

1. Бизнес жоспар

2. Шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс шараларынын орындау жөніндегі міндеттемелер.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау , өңірдің мамандауына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

4. Өмірбаян

5. Бағдарлама

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының маркетинг қызметінің кенесшісі Жұлдызай Сеифуллақызы кәсіпкерлерге кеңес беріп, кқмектесуге дайын екенін айтады. Бизнес жоспар мәселелері бойынша Түркістан қаласы Қожанов көшесі 42 мекен-жайы бойынша келіп толық кеңес ала аласыздар!

                                   

 

Жетісайлық кәсіпкерлер палатасы 1940 кәсіпкерге қызмет көрсеткен

Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының 2022 жылында атқарылған жұмыстары бойынша төмендегіідей мәлімет берді.  

Аудан көлемінде кәсіпкерлік субьектілер саны 15 219, заңды тұлғалар 951, жеке кәсіпкерлер 4537, шаруа қожалықтар 9731 қызмет жасайды. Біз бұл кәсіпкерлік субьектілерінің кез келгеніне бухгалтерлік және салықтық есептерін жүргізу, заңгерлік, қаржыландыру бойынша толық сүйемелдеу, кеңестер беру бойынша тегін қызметтер көрсетіп келеміз.

Кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының кеңесші-менеджерлерімен 1940 кәсіпкерлер мен жеке азаматтарға бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу, бизнес-жоспар жасау, заңгерлік қызметтер көрсету, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік ашу, мал басын көбейту бойынша несие алуға, субсидия бойынша кеңестер беріліп құжаттар дайындауға көмектер көрсетілді.

Жобаларды сүйемелдеу жұмыстары бойынша жыл басынан «Атамекен-Түркістан» МҚҰ бойынша 8 жобаны қарап, 8 жобаға - 38,5 млн тенге несие қаражатын берді. Қалған мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Мкұ Ырыс, Агронесие корпорациясы, екінші деңгейді банктер арқылы да кәсіпкерлерге сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда бірнеше дүкендер мен тамақтанатын орындар, әсемдік салон, тігін саласы т.б кәсіпкерлік қызмет көрсету орындары ашылды.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына сай, Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» ойын сауық орталығында 2022 жылдың тамыз айында "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсына Жетісай ауданының отандық тауар өндіруші кәсіпкерлік субьектілері қатыстырылып, жеке кәсіпкер «Берік» алғыс хатпен марапатталды.

Жетісай қаласындағы Орталық базары өртенуіне байланысты, 818 кәсіпкерлердің тізімі жасақталып, мүлік шығындарының есептелуіне көмек беріп, жеңілдетілген несие берілуіне ықпал етіп, құқықтық кеңестер берілді.

Білім беру мекемесі жеке кәсіпкердің балабақшасын біріктіру жөнінде өтініші толық қанағаттандырылмағандықтан, Кәсіпкерлер Палатасы тарапынан толық құқықтық сүйемелдеу жұмысының нәтижесінде жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды;

«Агро несие корпорациясы» АҚ-нан несиеге алған жүк көлігі өртеніп жарамсыз болуына орай жеке кәсіпкердің несие төлемін шегеруіне құқықтық көмек берілді;

Аудан прокуратурасы және Кеңес мүшелері, «Іскер әйелдер» кеңесі осыған ұқсас тағы да басқа мекемелер мен алуан түрлі тақырыпта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 Қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламары бойынша семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Жыл бойы ауылдық округті аралап, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, қолдаулар бойынша кеңестер беріліп келді.

 

Түркістандық «Бөрте-Милка» йогурттың 5 түрін шығарады

Инновацияларды тиімді қолданып отырған, оңтүстік өңірінде орналасқан сүт фермасы «Бөрте-Милка» биыл «Алтын сапа» Премиясын жеңіп алды. Жалпы бұл кәсіпорын туралы не білеміз?Оның қандай өнімдері бар?

Тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап "Бөрте Милка" йогуртының 5 түрін шығарады. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастаған. Олармен келісім-шарт жасалған. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады екен. Фермада салқындату және жарық жүйесі, тіпті, камера орнатылған. Ал сүт өнімдері швед технологиясы бойынша өндіріледі екен.

Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған.

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау үшін және жағдайын саралап тұратын камералары орнатылған.

Фермада өз Селекция және генетика орталығы бар. Голштино-фриз тұқымын алғашқыда Венгриядан әкелген болса, қазіргі таңда өз жерімізде бұзаулар өсірілуде.

Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 20% - өз қаражаты болса, 40% – несие, 40% -  мемлекет көмегі. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 480 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Адамның көмегінсіз 8 робот-сауыншы 480 сиырды сауады. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 15 тонна сүт жиналуда.

2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері», «Озат инвестициялық жоба», 2017-2018 жылдары қатарынан «Үздік инновациялық жоба», 2019 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Жыл бренді» номинацияларын және т.б. бірнеше номинацияларды жеңіп алған, ал биыл Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан қатысып жатқан ЖШС «Бөрте-Милка» сүт фермасы елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Биыл бесінші ферманы салу жоспарлануда. Ол ферма моделі алдыңғы фермалардан ерекше етіп, онда төрт робот жұмыс жасап, тәулігіне 22 тонна сүт өндіреді  деп күтілуде.

Түркістан: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бар

 

Түркістандыық кәсіпкерлер үшін Палата жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады.

 Біз Туркестан облысының барлық кәсіпкерлеріне жергілікті билік органдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан негізсіз кедергілер туындаған жағдайда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Сізге туындаған мәселелерді шешуге дереу көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлаймыз.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы

Бизнесті қорғау мақсатында «Атамекен» ҰКП аясында Қазақстан Республикасының көрнекті саяси қайраткері, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, генерал-полковник Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов басқаратын тұрақты жұмыс істейтін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық кеңесі жұмыс жасайды.

Республикалық кеңеске сәйкес,  Өңірлік палата Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесін құрды, оған бизнес-қауымдастықтар мен партиялық ұйымдардың өкілдері (Нұр Отан, Ақжол), IOI, мемлекеттік және қадағалау органдарының өкілдері кіргізілді.

Ай сайын өткізілетін кездесулерде Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін бұзуға байланысты нақты жағдайларды шешу жолдарын қарастырады. Осы алаңда бизнес-қоғамдастығының өкілдері тікелей олардың лауазымды тұлғаларымен байланысуға, олардың проблемалары туралы нақты сұрақтар қою мүмкіндігі бар. Әрбір Кеңес отырысының соңында оның қатысушылары аймақтық Палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік бизнес проблемаларын шешу үшін тиісті қадамдар жасайтын шешімдер қабылдайды.

Кеңестің жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады, бұл Кеңеске қоғамдық бақылау түрінде қосымша құралдар жасайды. Сондықтан Кеңес қарайтын кез-келген кәсіпкер оның мәселесі тыңдалатынына сенім артуына болады.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша құқықтық пікірлер дайындайды, ал кәсіпкерлердің құқықтарын ең қатал түрде бұзылған мәселе Кеңестің қарауына шығарылады.

Осы RSS каналға жазылу