Super User

Super User

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, Шаян ауылы тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Белгілі болғандай, "Ваз-21150" автокөлігі қарсы жолаққа шығып, "Лада-21214" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары "Ваз-21150" жүргізушісінің көлік құралын басқаратын құжатының жоқ екенін анықтады.

Сондай-ақ полицейлер жүргізушінің көлік құралын басқару құжаты жоқ бола тұра автокөлікті мас күйде басқарғанын растады. Полиция қызметкерлері Ваз-21150 автокөлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» құжаттар жинақтап , сотқа жолдады.

Сот жол қауіпсіздік ережесін бұзғаны жүргізушіні кінәлі деп танып 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Тұрғынның 2 200 000 теңгеге жуық малын ұрлап сатқан күдікті қамауға алынды

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл округіне қарасты тоғайлы алқапта жайылып жүрген 15 бас сиырын белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 200 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1 «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам ұрлаған 15 сиырды сатып жіберген. Ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы көбіне тұрғындардың салғырттығы мен қараусыз қалдыратындығы салдарынан болатынын айтуда. Мал ұстайтын аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайды болдырмас үшін төрт түлікті құжаттандырып, сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін еске салады.

Полицейлер тұрғынның көлігінен газды тапанша тәркіледі

Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алу мақсатында, күнделікті рейдтік іс-шараларды жүргізіп отырады. Осындай кезекті рейдте Шақпақбаба ауылы мен Ақбиік ауылдары арасында орналасқан тас жол бойында күдік тудырған автокөлікті тоқтатты.

Полицейлер көлікті тексеру кезінде орындығының астынан «ПМ49» маркалы газды тапаншаны тапты. Тәртіп сақшылары жүргізушіден айғақты зат ретінде қаруды тәркілеп алып, ПБ-ға жеткізді. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күнделікті жүргізілетін мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар түрлі қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізеді. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады.

Бассейнге демалуға барып ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, аудандағы бассейндердің бірінде оның «OPPO A31» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алған бойда оқиға орнына келді. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, аталған қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер күдікті жас жігітті Полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті бассейнге демалу үшін барған. Ол киім ілетін жерде тұрған жәбірленушінің шалбарының қалтасындағы ұялы телефонды ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың құрбаны болмас үшін, өздеріңіздің бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. 

Осы RSS каналға жазылу