Жексенбі, 22 Маусым 2025 14:59

Түркістандық жастарды жұмыспен қамту бағытында маңызды шешімдер қолға алынуда

Түркістан облысында жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында маңызды қадам жасалды. Түркістан облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқаповтың бастамасымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен өңірдегі ірі кәсіпорындар арасында үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Бұл келісім «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жоғары және орта білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыссыз азаматтарға нақты жұмыс орындарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Өзара келісім барысында 6 жұмыс беруші мекеме 7 колледжбен үшжақты меморандум түзді:

Жетісай ауданы – «High School Zhetisay» ЖШС мен Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі;

 Қазығұрт ауданы – «Есен Агро» ЖШС мен №11 колледжі;

 Шардара ауданы – «Шардара сервис» МКК мен №16 колледжі;

 Созақ ауданы – «KAP Logistics» ЖШС және №1, №19 колледждері;

Төлеби ауданы – «Tender Qazyna» ЖШС мен №8 колледжі;

 Сайрам ауданы – «Kuzov Karabulak» ЖШС және Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі.

Бұл кәсіпорындар 600-ден аса бос жұмыс орнын ұсына отырып, кәсіби кадрларды даярлауға және оларды еңбек нарығына тиімді бейімдеуге бағытталған нақты іс-шаралар кешенін іске асыруға кіріспек.

 

 

Оқылды 28 рет