Отырар ауданы әкімдігінде жылыту маусымына дайындық жайы пысықталды

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппарат жиыны болып өтті. Жиынның күн тәртібінде аудан бойынша 2018 -2019 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы мен қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен қаралды.

Арыс қаласында Қоғамдық кеңестің жиыны болып өтті

Кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер жәрмеңкесі өтті

Жұма күні Түлкібас ауданы орталығындағы «Жеті қазына» аллеясында «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер» жәрмеңкесі өтті. 

Түркістан облысында «Қауын fest» фестивалі өтті

Жұма, 24 тамыз күні Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы орталық саябақта «Қауын fest» облыстық фестивалі өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жағыруы» бағдарламасы аясында тұңғыш рет өткізіліп отырғаy фестивальге облысымыздың аудандары мен қалаларынан және еліміздің өзге өңірлерінен де қонақтар келіп қатысты.

Түркістан облысында 7 айда 16 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік әлсіз топтағы тұрғандарға қолдау көрсету» тақырыбында аймақтық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына мәслихат депутаттары, облыстық ауыл шаруашылығының бөлім басшысы, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, партия филиалынының қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысы: үздік әлеуметтік жоба жетекшілері марапатталды

Елімізде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы ұйымдастырылған. Байқаудың Түркістан облыстық аймақтық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау мақсатында салтанатты шара өтті.

Түркістан облысы: Түлкібастың алмасы ауданның брендіне айналады

Кеңес дәуірінде Одаққа танымал болған Түлкібас ауданының алмасы соңғы жылдары қайта жандануда. Қазіргі таңда алманы осы өңірдің брендіне айналдыру мақсатында алма бақтарында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.