Жұма, 15 Қыркүйек 2023 17:49

Сауран: ардагерлер Жолдауға қолдау білдірді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің алқа отырысы өтті. Алқа отырысына аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов пен ауданға қарасты ауылдық округтердегі төрағалары, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, бөлім мамандары қатысты.

Алқа отырысы «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың осы жылдың 1-ші қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына қолдау жасау мақсатында өтті. Жиын барысында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оразбек Әміреев, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және басқалар сөз сөйледі.

Алқа отырысында Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов: «Жолдауда көрсетілгендей, елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси - экономикалық реформалардың нәтижелері жайлы айта келіп, оны ардагерлер жергілікті жерлерде айта жүруін, халыққа насихаттауын тапсырды». Жиында еліміздегі болып жатқан оң өзгерістермен қоғамның әлеуетін арттыру жолындағы жұмыстар кеңінен айтылды.

Кеңейтілген алқа отырысына қатысушы Сауран ауданының ардагерлері Президент Жолдауын толығымен қолдайтындықтарын білдіріп, ондағы айқындалған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етуге аудан еңбеккерлерін шақырды. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев елдімекендердегі өзекті мәселелерді ардагерлермен бірлесіп шешуге және ардагерлердің қатысуымен осындай маңызды жиындардың жиі өткізіліп тұратындығын айтты. Жиынды аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов қорытындылап, қатысқан ардагерлерге алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын жасады. Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған болатын. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады.

Биылғы Жолдаудың ерекше тұсын айта кетер болсақ, өскелең ұрпақ пен еңбек адамына назар аударылды. Қазақстандық балаларүшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады - бұл білімсапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай еріктіқаржыландырылатын жүйесін енгізу және т.б. Ал 2023жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасыаясындағы жұмыс ауыр өнеркәсіп салаларындажұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарынжақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әрқайсымызүшін маңызды.Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер бар,олр ең алдымен, су және энергия үнемдейтінтехнологиялар саласында және жаңартылатынэнергия жобаларын жүзеге асыруда. Бізболашағымызға батылдықпен қараймыз,ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсызтұтынуға орын жоқ, оны балаларымыз, немерелеріміз,шөберелеріміз үшін сақтауымыз керек.Мемлекет басшысының Жолдауының кейбіртұстарына ғана қысқаша тоқталып, ең бастысы,өзіатап өткендей: «…Бізде болашақтың айқынбейнесі бар: біз Әділ Қазақстан - тең мүмкіндіктержәне прогресстер елін құрып жатырмыз». Бұл жаңа Жолдаудың негізгі идеяларының бірі - Қазақстанды дамытудың нақты векторлары бар құжат жасау.

Президенттің айтуынша, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін кешенді жоспар жүзеге асып жатыр.  «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.

Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 520 рет