Сәрсенбі, 07 Ақпан 2024 16:16

Шымкент: жылумен қамтамасыз ететін «Солтүстік» бөліктің жұмысы жанданады

Қаланы жылумен қамтамасыз ету «Солтүстік» және «Оңтүстік» бөліктерінің екі магистралдық жылу құбыры арқылы жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Мұндағы «Солтүстік» магистральдық жылу желілерінің ұзындығы – 19,2 шқ, диаметрі 800 мм, тұтынушы 61,6%-ды құрайды. Аталған жүйе көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алайда жылу көзінің тым алыста орналасқандығынан – нормативтік жылу ысыраптарының (24,7%) жоғары болуы, сондай-ақ геодезиялық тұрғыдан қаладағы жылу коммуникацияларынан 63 метр биіктікте орналасуына байланысты бұл схеманың тиімсіз екені байқалып отыр.

Мәселені шешу үшін келесі жұмыстар атқарылды:

– 1 және 2-кезең, «АДЦ-160Гкал» қазандығынан РК-1 Ø-720 мм дейін жалпы ұзындығы 8,3 шқ;

– 3-кезең «АДЦ-160Гкал» қазандығынан «Солтүстік» аймағына жылу энергиясын тарататын РК-1 сорғы станциясының құрылысы;

– 4-кезең «АДЦ-160Гкал» қазандығын жаңғырту.

Бұл бағдарлама келесідей мүмкіндіктер береді:

– «3-Энергоорталық» АҚ-дан келетін жылу қуатын азайту, бұл желілік судың температурасын жоғалтпай қаланың жылу жүйесін толтыруды қамтамасыз ету. Жалпы есептеулер бойынша тұтынушылардың 33 пайызы (46 852 тұтынушы) «АДЦ-160Гкал» қазандығынан жылу энергиясын алатын болады;

– «АДЦ-160Гкал» қазандығының жақын орналасуына байланысты нормативтік шығындар 24,7%-дан 9%-ға дейін төмендейді;

– «3-Энергоорталық» АҚ-дан жылу энергиясын сатып алу шығыны төмендейді;

– Электр энергиясын сатып алу құны төмендейді.

Аталған шаралар жылумен қамтамасыз етуді 20%-ға жақсартып қана қоймай, пайдалану шығындарын азайтады және жылу көзінің тұтынушыларға жақын орналасуын пайдалана отырып, жылыту режимін жылдам реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тарифтің 10%-ға дейін төмендеуіне әсер етеді. Оған қоса, осы жоба барысында Ерімбетов көшесінің бойындағы кемшіліктер түзетіледі.

Оқылды 438 рет