Сейсенбі, 13 Ақпан 2024 18:28

Түркістан: аппараттық мәжілісте бірқатар мәселелер талқыланды

Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиналыста күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың баяндамасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе- білім бағытында атқарылған жұмыстар бойынша салаға жауапты әкім орынбасары Мекенхан Қырықбаев баяндады.

Мекенхан Қозыханұлының мәлімдеуінше, бүгінде орталықта 73 мектеп, 131 мектепке дейінгі мекеме бар. Мектептерде жалпы 52520 оқушы болса, оларға 5182 педагог білім береді. Білім сапасы бойынша қала облыстан кейін үздік үштікте көш бастап тұр.

Келесі болып, шаһардағы абаттандыру жұмыстары бойынша Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Ержан Исмайлов жеткізді. Биылғы жоспар бойынша 34 нысанда абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Әр сектордың тұрғындар көп шоғырланған аймақтарында 15 балалар ойын алаңшасы орны белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Күн тәртібіндегі мәселелердің атқарылу көрсеткішінен соң шаһар басшысы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен тұрғындардан түскен өтініштерге тоқталды.

Жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімі бекітілді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 357 рет