Бейсенбі, 06 Маусым 2024 18:05

Сауран ауданы: Ескі Иқанда «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Көпсалалы кәсіптік колледжінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында студенттер арасында кездесу болып өтті.

Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай қатысты.

Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Елімізді мекендеген түрлі ұлыстар татулық пен келісімді сақтауға, елімізді дамытуға, бейбіт тұрмыс құруға бар күш жігерін салу қажет. Сонымен қатар жастардың түрлі ағымдарға еріп адасудан сақтандыру, дұрыс бағыт-бағдар көрсету баршамыздың ортақ ісіміз.

Қазіргі әлеуметтік желілердің дамыған уақытында адастырушы ағымдар жетегінде кетпеу үшін дұрыс ақпаратты тани білу қажет. Сондықтан кез келген діни уағыздарды тыңдамаған абзал. Кездесу барысында студенттерге түрлі пайдалы ақпараттар берілді. Үнпарақтар таратылды, сауалнама алынды.

Ендігі жерде осы тақырыпта кеңірек ой қозғасақ. Еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, рухани дүниелеріміз түгенделуде. Ұлттығымыздың негізгі белгілері – дініміз бен діліміз, тіліміз қайта түлеп, жаңғыра бастады.  Жалпы, ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар – діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Сондай-ақ әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.

Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. Қазақтың киелі топырағынан қаншама ғұламалар шықты. Аты әлемге мәшһүр, екінші ұстаз атанған әл-Фараби, ақын-шайыр, сопы Қожа Ахмет Иассауи, атақты ғалым  Сүлеймен Бақырғани, т.б. Олар үлкен ғалым болумен қатар барлығы да діннің аса білгір маманы еді. Біз, өскелең ұрпақ, осындай ұлы адамдардың жерлесі болғандықтан, олардың атына кір келтірмеуге тиіспіз.

Жалпы дін мен дәстүрдің өзара байланысы аса қажет. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігі, әрбір іс-әрекеті Исламмен астасып жатыр. Мәселен, қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Баланың дүниеге келуі – бір ғана отбасының емес, бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған. Бала – өмірдің қызығы. Атам қазақтан «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген аталы сөз қалған. Сондықтан ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа» деп аталады. Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша «қалжа» делінеді. Атаулары бөлек болғанымен негізгі атқаратын міндеттері бірдей. Яғни туған нәрестенің амандығы және жаңа босанған әйелдің күш жинап, әлденіп алуына да пайдасы мол. Қалжаға «ақиқа» қойы ер балаға екі, не бір қой соятын болған. Ал қыз балаға бір қой сойған. Сонымен қатар бұл үрдіс жаңа босанған әйелдің аяқ-қолын бауырына алып, ыстық сорпа ішіп, өзіне-өзі келу мақсатында жасалады. Мұндай қамқорлық ертеңгі күнгі баланың дұрыс өсіп-қалыптасуына және әйелдің денсаулығы мықты болуына тигізер әсері көп. Ата-бабаларымыз босанған әйелді 40 күн бойына жылы үйде ұстап, ерекше күтім жасаған. Асыл дініміз Исламда да әйел босанған уақыттан бастап, 40 күн бойы бірқатар жеңілдіктер берілген. Яғни, етеккірі кезінде намаз оқымайды, ораза ұстамайды, күйеуіне жақындаспайды. Тағы бір мәселе – ақиқаға сойылатын малдың үкімі жайында. Сойылатын қой барлық жағынан алғанда семіз әрі күтімді болуы тиіс.

Қазақтың ең үлкен дәстүрлерінің бірі шілдехана тойы да Ислам дінімен тығыз байланысты. Бұл дәстүр жаңа туған баланың туғанына қырық күн толғанда жасалады. Осы тұста шілдехана сөзінің қайдан шыққанына тоқтала кетсек. Шілдехана сөзі парсы тілінен енген. Шил – «40», хана – «той» деген мағынаны білдіреді. Яғни босанған әйелге 40 күн толған күні ел жұрт жиналып, үлкен той жасап, нәрестені бесікке салады. Діни тұрғыдан айтар болсақ, босанған әйелге 40 күн аяқталған соң намаз оқып, ораза тұтуға, қажылыққа баруға, Құран кітабын ұстауға, күйеуімен жақындасуына рұқсат етіледі. Біздің қазіргі қоғамда, әртүрлі діндер мен түрлі өркениеттер тоғысқан тұста мұндай елдік, діни дәстүрлер толыққанды сақтала бермеуі мүмкін. Немесе дінді ұстанғансып, ділдік дәстүрлерімізден қалып қоятын жағдайға жол беріліп жатады. Керісінше салт-дәстүрлерді ұстандым деп, діни қайшылыққа да орын берілетін кездер аз емес. Жалпы жоғарыда айта өткендей, дәстүрдің дінімізбен, діліміз дәстүрімізбен өзара астасып жатса нұр үстіне нұр.

Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса,салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Дәстүр –  ұлтты руханижандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Демек, дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым.

Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып табылады. Халқымызда «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл бар. Осыған орай, ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қарауға әсте болмайды. Себебі, әдет-ғұрыптардың ішінде тиым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар.

Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын өзіндік арнайы шарттары бар. Салт-дәстүр – Құран мен Сүннет мәтіндеріне   және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуі тиіс. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, кең тараған болуы қажет.  Салт-дәстүрмен тек, егер олар кең тараған яғни, қоғамдық ортада мойындалған болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды. Салт-дәстүр бізге бұрынғылардан жеткен, қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа, халықтан-халыққа ауысып келе береді. 

Біздің ата-бабаларымыз, Ислам діні мен қазақтың  салт-дәстүрлерінің  тепе-теңдігін сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осындай тәрбиенің арқасында қазақ халқынан жүздеген, тіпті мыңдаған батырлар, от ауызды, орақ тілді ақындар мен жыршы-жыраулар, данышпан билер мен ғұламалар шыққан.

Ендігі ұлт жадынан ұмытыла бастаған имани құндылықтарды қайта жандандырудың реті келді. Бұл тұрғыда біз қазақ қоғамына тыңнан жаңа дүние әкеліп жатқан жоқпыз. Бар болғаны кезінде баһадүр бабаларымыз салып кеткен, кейіннен көмескі тарта бастаған соқпақтың сүлдерін тауып, соны қайта сара жолға айналдыруға тырысудамыз. Мақсатымыз – ұлттық табиғатымыз бен сабақтас шариғаттағы мазһабымызбен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлесімізді қосу.

Бүгінде «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында дін мұраттарын қалың бұқараға ұғынықты етіп жеткізу үшін де алдымен қазақтың тілі мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет. Имамдар мен уағызшыларымызға осындай талап қойылуда. Сонымен қатар, ұлттық таным мен әдет-ғұрыптардың мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап көрсететін сүбелі еңбектер де жазылуы қажет. «Дін мен дәстүр» кітабы осындай игі бастама жемісі.    

«Дін мен дәстүр» кітабының ерекшелігі – Ислам діні мен қазақтың имани ұлттық дәстүрлерінің өзара тығыз байланысын,  дәстүрдің діндегі алатын орнын Құран аяттарымен, Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбардың  хадистерімен, қазақтың мақал-мәтелдерімен, атақты ақындары мен жырауларының өлеңдерімен нақты дәлелдеген.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев бір сөзінде «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деген еді. Расында да, санада сақталған ұлттық сезімдер мен  салт-дәстүрдің жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге тигізер ықпалы ерекше. Тарихтан белгілі, діни наным-сенімі әлсіз халықтардың ұлттық дәстүрімен бірге тілінің де жойылып, ақырында ұлт ретінде жер бетінен мүлде жоғалып кеткені бар. Сондықтан «Дін мен дәстүр» кітабында айтылғандай, жастар ата-бабаларымыз ұстанған Ислам дінінің Ханафи мазһабы бағытымен жүріп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді саналарына сіңіріп өссе – ешқашанадаспайды, келімсек діни ағымдар мен секталардың соңына ермейді.

Қазіргі таңдағы басты мәселе – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру.Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз болып қала бермек. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне бүгінгі күнде үлкен мән берілуде. Бұған дәлел ретінде ҚР –ның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деген ғибратты сөзі дәлел бола алады.

Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық.Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар.

Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай. Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады. Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Сондықтан ислам ғұламалары әдет-ғұрып мәселесін талдап, оның өзін жеке бір тақырып етіп зерттеген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына ғана балта шабу емес, дінді бұзушылық болып та табылады. Егер әдет-ғұрып шариғатқа қайшы келмесе, оған Ислам тыйым салмайды. Халқымызда: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген керемет нақыл бар. Осыған орай: ғұрыптардың барлығы дерлік әлбетте бірдей емес. Сол үшін де, оларға бір жақты қарауға әсте болмайды.Себебі, әдет-ғұрыптардың ішінде тыйым салынатыны, сондай-ақ рұқсат етілетіні, тіпті орындалуы қажет болып табылатындары да бар. Өйткені, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа, халықтан-халыққа ауысып келе береді.

Сонымен қатар елімізде соңғы кезде дәстүр мен дінді бөліп қарайтын жастар тым көбейіп бара жатқандығы ойлантады. Дәстүрді исламнан бөліп қарауды кейбір ағымдар әдейі теріс пиғылмен насихаттап отырса, ал енді бір жастар білместікпен солардың сөзіне сеніп, ата-баба дәстүріне қарсы шығуда. Осы ретте дін мен дәстүр сабақтастығын, салт-сана мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы дәлелдеудің орайы туып отыр. Бүгінгі таңда біз елдігімізді сақтап қалу үшін жан-жақты білімді де мәдениетті болып, «Өз асылымызды құндап, өзгенің қаңсығына қызықпай, ұлттық арұлтжанды» болуымыз қажет. Тарихымыздың тағылымына назар салсақ тағы бір шындыққа көзіміз жетеді.

Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды. Ал, ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістерді тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі. Кез-келген теріс пиғылды діни ағым қоғамда қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өзін орнықтыруға жол ашады. Ал, бұл өз кезегінде дәстүрлі құндылықтармен бірге ішкі тұрақтылықтың әлсіреуіне алып келеді.

Дәстүрлі рухани құндылықтардың негізінде де дәл осы – дінді руханиландыру үдерісі жатқанын ұмытпаған жөн. Адамзат қоғамын өркениетке жеткізген құндылықтар кешені бір-бірімен тығыз байланысты. Бір ғана мысалға тоқталайық. Дін құндылықтарының төресі – бейбітшілік пен келісім. Ал, зайырлы қоғам тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы тіпті өлшеусіз. Дін ісі де, дүние ісі де бейбітшілік жағдайында ғана көгеріп-көктейді. Осындай асыл құндылықтарымызды дұрыс сақтай алсақ қана елдігімізді сақтай аламыз. Сонда ғана тәуелсіз кең байтақ дархан еліміз бар деп мақтана аламыз. Мәңгілік Ел тек осындай өзіндік қадірімен ғана мәңгілік болмақ.

Сәбидің дүниеге келуінен бастап, ақтық сапарға аттандырғанға дейінгі аралықта қазақ халқында жасалынатын салт-дәстүрдің Ислам дінімен біте қайнасқан екендігін анық байқауға болады. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым екенін байқайсыз, екеуі егіз тақырып десек те болады. Салт-дәстүр - белгілі бір ұлт үшін өмір, қоғам заңы.Тіршілік ережесі, сана, тәрбие және рухани байлық. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындап, құрметтеген. Әдет-ғұрып -  белгілі бір қоғамдық әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.

Қазақ тілінде «салт-дәстүр» мен «әдет-ғұрып» - сөз тіркестерінің мағынасы бір. Біз салт-дәстүр деген сөзімізді әдет-ғұрып деп те қолданамыз. Дін - сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын,  Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттар. Ислам діні 12 ғасыр бойы қазақтың салт-дәстүріне біте қайнасып, сіңісіп кеткеніне бірнеше дәлел. Мысалы;  халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. Азан шақырып, ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата- анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады.Ал, Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Сәбидің бірінші күні немесе ең кеш жетінші күні оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат айтып ат қойылады. Бұл үрдіс Пайғамбарымыз (с.а.у) немерелері Хасан мен Хусейн туылғанда азан айтқандығы риуаят етілген сүннет. Бүгінгі күнге дейін өзін мұсылманмын деп санаған қазақтың әр-бір баласына азан шақырылып есімі қойылғаны айдан анық. Сол дәстүр қазақтың әр бір отбасында сақталып, осы күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болуы қажет. Діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Олар бір сәтте емес уақыт өте келе, заман ағымымен қалыптасады. Әдет-ғұрып, дәстүрлер сол елдің шаруашылығына байланысты, өмір сүріп жатқан жеріне, тәсілдеріне байланысты пайда болады. Салт-дәстүрі, тілі жоқ ұлттың ұлттық құндылығы да болмайды. Сол секілді Қазақстан да - тұрақты діни дәстүрлері бар көпконфессиялы, көпұлтты мемлекет болып табылады. Мұнда түрлі мәдениеттер қатар өмір сүреді және өзара байланыста болады. Сондықтан, Қазақстанды жоғарғы толеранттылығымен ерекшеленеді десе болады.

Қазақтар үшін дәстүрлі дін Ислам болып табылады. Қазақтар Ислам дінін жүрегімен қабылдап қана қоймай, оның заңдары бойынша өмір сүрді. Ол халықтың тұрмыс-тіршілігіне, сана-сезіміне сіңді. Қазақ менталитетінің бір бөлшегіне айналып, оның тамырын жайды. Қазақ халқының біршама салт-дәстүрлері ислам дінімен үйлесіп, негізін діннен алады. Себебі, дін - әділдікті талап ететін жалғыз ғана тура жол. Яғни, мейірімділік, ата-ананы құрметтеу, өтірік айтпау, бала тәрбиесі, адамгершілік, ұят пен ар, тәртіп барлығы дінде көрініс табады.

Қазақстанда сунниттік ислам, ханафиттік бағыт дәстүрлі болып саналады. Қазақ халқы исламдағы құнды дүниенің барлығын алып, көп жылдық тарихы бар мәдениетіне бейімдеген. Дәстүріміздің әлі күнге дейін өз орнын жоғалтпауының бір себебі де, оның дінмен ұштасуында. Адамның өмірі де дін мен дәстүрден басталып, аяқталады. Өмірге келген сәтінде, оған есім беріліп, азан оқылуынан басталып, дүниеден өтіп, жаназа оқылуынан аяқталады. Оның арасында адамның бүкіл өмірі діннен бастау алған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптармен өтеді. Сол себепті де, дін мен дәстүрді бөліп қарастыру, оларды ажырату оңай емес.

Қазіргі кезде, көптеген жастар, әсіресе араб елдерінде білім алып, жат менталитетпен сусындағандар дәстүрден бас тартып жатады. Олардың негізгі дәлелі – дәстүрлер таза исламның тәжірибесіне кедергі келтіреді. Бірақ олардың басты қателігі – дінді дұрыс оқып, білмегендерінде. Мысалы, көптеген діндар адамдар, қалыңдықтың күйеу жігіттің ата-анасына сәлем салуына, беташар секілді дәстүрлерге тиым салады.

Беташар дәстүріне келер болсақ, бұл жерде келін ерінің туған-туыстарына, аға буын өкілдеріне құрмет білдіріп, сәлем салады. Бірақ мұны келінді адамдарға бас иіп тұр, ал ол дінге қайшы келеді, яғни Аллаға серік қосу деп түсінеді. Исламда Алладан басқаға құлшылық етуге тыйым салынған. Басты себеп осы болып табылады. Бірақ бұл жерде дәстүрдің себебіне, адамдардың ниетіне қарау керек. Яғни, қалыңдық сәлем салғанда дұға ету үшін немесе бір құлшылық мақсатында емес, бар болғаны тәрбие мақсатында жасайды. Мұнда келіннің күнделікті сәлем салуын да қоса кетсек болады. Бұл жерде шариғатқа қайшы келетін ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Керісінше, Ислам діні адамды ата-ананы, әйелді, балаларды, басқаларды сүюге үйретеді.

Қазақ халқында осы секілді дәстүрлер өте көп. Мысалға, адамдардың жиналып туыстарына, көршілеріне, яғни, мұқтаж жандарға көмектесуі. Біреу үй салып жатса немесе табиғат апаттарына байланысты үйі қирап қалған болса, халық болып көмектесу. Исламда Пайғамбардың өзі туыстарына жан-жақты көмек көрсеткен. Сондықтан жақын адамдарға көмектесу барлық діндер үшін қалыпты жағдай болып табылады. Ұлттық қонақжайлылығымыз туралы да осыны айтуға болады, ол қазақ халқының өмір сүрген жағдайларына байланысты. Мысалға, алыс жолға аттанған адамға басқа адамдар есігін ашпаса, тамақ бермесе, атқа су бермесе, ол ақырғы діттеген жеріне жете алмайды.Исламда Пайғамбарымыз қонақжайлылық танытқан адамның 70 пайғамбарға құрмет көрсеткенін айтқан.

Қазақ халқы ата-бабаларымен өте тығыз қарым-қатынаста. Зират басына барады, сол жерде құран оқиды, құрбандық шалады, яғни барлығы діни нормаларға сай жасалады. Адамда ең бастысы оның ниеті. Маңыздысы кез келген салттың сыртқы бөлігі емес, ішкі, мотиві, ниеті. Қорытындылай келе, ислам мен дәстүр ешқашан бір-біріне қарама-қайшы болмауы керек.

«WWW.AQ-QARA.KZ»

Оқылды 102 рет