Жиынның негізгі мақсаты – ауданда инфрақұрылымды жаңғырту және жол, жарықтандыру сынды басымды бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылау, нақты мерзім мен жауаптыларды бекіту болды.
«Біздің әрбір жұмысымыз – тұрғындардың тұрмысын жеңілдетуге бағытталған. Іске асатын әр жоба нақты нәтиже беруі керек. Әр бөлім жауапкершілікті сезініп, межелі мерзімде сапалы орындалуы қадағаласын», – деді аудан әкімі.
Жиында әр бөлім басшысына нақты тапсырмалар жүктелді. Көтерілген барлық бастамалар әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынады. Келесі кеңейтілген жиналыс алдағы уақытта өткізіліп, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағыттағы бастамалардың орындалу барысы талқыланатын болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат