Сәрсенбі, 07 Мамыр 2025 13:03

Ордабасы ауданы: Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті

Таяуда Ордабасы аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс III/IV-25-інші отырысы өтті. Күн тәртібінде төмендегі баяндамалар тыңдалып, қорытындыланды.

1. «Ордабасы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешім жобасын қарап қорытынды беру.

Баяндамашы: Б.Алтынбеков – Ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысы.

2. Аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің есебі.

Баяндамашы: Б.Алтынбеков – Ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысы.

3. «Ордабасы аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару» және бөлу нормативі туралы» қаулы күшін жою туралы

Баяндамашы: А.Сихымбаева – Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы.

4. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №25-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімі жобасы

Баяндамашы: А.Сихымбаева – Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы.

5. Бадам ауыл округі әкімінің есебі.

Баяндамашы – Бадам ауыл округ әкімі Н.Байбахов.

6. «Ордабасы ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанының атқарылған жұмыстары туралы»

Баяндамашы: Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Туреев

7. Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту.

Қоғамдық кеңестер - Республикалық және жергілікті деңгейде талқылаулар мен шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық пікірді ескеріп, ел ішіндегі проблемаларды қозғап, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін Ұлт жоспарына қажетті маңызды институт.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2015 жылғы 2 қарашада № 383-V ҚРЗ қабылданды. Сол уақыттан бастап қоғамды бақылаушы жаңа саяси институт пайда болды десек болады. Қоғамдық Кеңес аудан өміріндегі түрлі мәселелерді шешуде басты рөл атқарып келеді. Қоғамдық кеңестердің тиімді жұмысының нәтижесінде халықтың билікке деген сенімі арта түсті.   

Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық бастамамен қызмет атқарады, Республикалық және жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді қозғап, қоғамда өз орны бар шешімдер қабылдап отырады.

Мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі-Қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рө­лін нығайту. Өйткені қоғам­ның қозғаушы күші саналатын кеңес мүшелері халықтың талап-тілегін құзырлы орынға жеткізіп, түйткілді мәселенің түйінін тар­қатуға септігін тигізеді. Елімізде Азаматтық қоғамды дамытып, олардың әлеуетін пайдалану маңызды болып отыр.  

«Халық» деген сөз Алла тағаланың 99 көркем атының бірі. Сондықтан да дана халқымызда «Ха­лықтан үлкен емессің» деген қанатты сөз бар. Біз бірге - халық және билік бі­рігіп, ақылдасып, түйткілді мәселелерді шешуде парасаттылық танытып отырсақ, Президентіміз айтқан Әділетті қоғам құрамыз. 

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 64 рет