Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №25/1 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. (Хабарламашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева), Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №8/3 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. (Хабарламашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Талдыбаев).
Аудан әкімдігінің құрамын қайта бекіту туралы. (Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кадиев). №18 сайлау округінің депутаты Әлия Мейірбекқызы Абдихадированың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. (Хабарламашы: аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков). Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат