Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 10:43

Мәлік Отарбаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Отарбаев Мәлік Нұржанұлы тағайындалды.

Мәлік Нұржанұлының өмірбаяны мен қызмет жолына қысқаша тоқтап өтер болсақ, ол 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

Сондай-ақ, 2003 - 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған. 2016 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді. Редакция тарапынан Мәлік Отарбаевты жаңа қызметімен құттықтай отырып, елге қалтықсыз қызмет ете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1223 рет